UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовтың келесі қарсыласының есімін жариялады

14 Сәуір, 10:15
0
UFC басшысы Дана Уайт. © MMA Mania
UFC басшысы Дана Уайт. © MMA Mania

Абсолют жекпе-жек чемпионатының (UFC) басшысы Дана Уайт TMZ Sports порталына берген сұхбатында ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін америкалық Макс Эоллоуэй және Дастин Порье кездесуінің жеңімпазымен өткізетінін мәлімдеді.

"Холлоуэй - Порье арасындағы өткен кездесудің жеңімпазы жеңіл салмақтағы уақытша чемпион атағын алатын болады. Жеңімпаз Хабибпен кездеседі. Жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп үмітенемін", - деді Уайт. 

Басылым мәліметінше, Хабибтың қарсыласы Конор МакГрегор болатыны айтылған. Дағыстандық спортшы былтыр қазан айында ирландиялықты қылғындыру әдісімен жеңген еді. Алайда ирландиялыққа "кезекке тұруға тура келеді".

Холлоуэй - Порье жекпе-жегі 13 сәуірде Атлантада UFC 236 аясында өтеді. Бұл кездесудің басты жекпе-жегі болады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай