Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Әділбек Жақсыбеков "Астана" командасының футболшыларымен кездесті

21 Тамыз 2015, 17:29
1
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Чемпиондар Лигасында үздік өнер көрсетіп, Кипрлық АПОЭЛ командасын жеңген "Астана" командасының футболшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сітеме жасап.

"Өз алаңымыздағы ойынды жеңгенімізбен, осы жеңісті сақтап қалып, тарихи жетістікке қол жеткізу - Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өту қалды", - деп атап өтті қала басшысы.

Футболшылармен кездесу барысында әкім елордалық клубтың сәтті ойыны астаналықтарды біріктіретінін және мереке болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, астаналық аренада алғаш рет еуропалық футбол атмосферасы сезіліп, отыз мыңға жуық жанкүйер жинаған тартысты ойын өтті.

Әкімнің айтуынша, бұл жетістіктер "Астана" клубының еуропалық масштабтағы клуб дәрежесіне дейін өсуінің іргетасы болуы қажет.

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының плей-оффкезеңінің бірінші матчында "Астана" командасы Кипрдің АПОЭЛ командасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Командалар арасындағы қарымта ойын 27 тамызға қараған түні Никосияда өтеді.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай