Ақжүрек Таңатаров әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

27 Тамыз 2017, 09:13
0
Ақжүрек Таңатаров әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды -

Парижде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Ақжүрек Таңатаров қола жүлдегер атанды. Жүлдегер атанып қана қоймай, әлемдегі тәжірибелі балуандардың бірі екенін тағы бір дәлелдеді, - деп жазады Vesti.kz.

Еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақта белдесетін балуан алғашқы кездесуінде үндістандық Амит Кумарды жеңді. Екінші белдесуінде Рио Олимпиадасында шу шығарып танылған моңғол балуаны Мандахнаран Ганзоригтен айласын асырды. Ширек финалда Ақжүрек италиялық Франк Чамизо Маркесті (чемпион атанды) жеңе алмады. Қарсыласы айқын жеңіске жетті. Кейіннен италиялық балуан финалға шығып, отандасымыз жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Жұбаныш белдесуде өзбек Ихтиор Наврузовты 8-5 есебімен жеңді. Естеріңізде болса мамыр айында өткен Азия чемпионатының финалында екеуі кездескен еді. Онда да отандасымыз жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанған болатын.

Қола жүлде үшін таласта Ақжүрек Таңатаров соңғы сәтке дейін күресе білді. Нәтижесінде түрік балуаны Юкуп Горды 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ақжүрек Таңатаров 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Былтыр Риодағы додаға қатысқан жоқ. Биыл отандасымыз жоғары жетістіктерге жетіп жатыр. Осыған дейін бір сөзінде Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, белгілі балуан Ислам Байрамуков Ақжүректің Токио Олимпиадасына қатысуына да зор мүмкіндігі бар екені жайлы айтқан болатын.

Сондай-ақ бүгін 97 келіге дейінгі салмақта Мамед Ибрагимов та қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді. Өкінішке орай, отандасымыз әзірбайжан балуаны Асланбек Албаровқа жол беріп алды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай