Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Әлем чемпионатынан 4,5 млрд доллар пайда түседі

06 Маусым 2014, 13:55
0
Сурет: goodvin.info
Сурет: goodvin.info

Футболдан Бразилия жерінде өтетін әлем чемпионатынан 4,5 млрд доллар көлемінде пайда түседі. Бұл туралы Сан-Паулуда әлем біріншілігіне орай өткен баспасөз жиынында ФИФА-ның вице-президенті Жером Вальке айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әлем чемпионатынан 4,5 млрд доллар көлемінде пайда түседі. ФИФА бұл байрақты бәсекені өткізу үшін 2 млрд долларға жуық қаржы жұмсады. Түскен пайданың 30 пайызы қайырымдылық қорына жұмсалатын болады", - деді баспасөз жиыны барысында Вальке. 

Ал ФИФА президенті Йозеф Блаттер Бразилия чемпионатты өткізуге толық дайын деп мәлімдеп отыр. "Бразилия әлем чемпионатын қабылдауға толық дайын. Біріншілікке қатысатын құрамаларға елдегі ең үздік қонақүйлермен жаттығу базаларын ұсынып отырмыз. Егер, төтенше жағдайлар болса, оны жылдам шешудің де амалдарын қарастырып қойдық", - дейді ФИФА президенті. 

Дегенмен ФИФА жетекшілері мен басшылары елде тәртіп орнады деп мәлімдеме жасағанына қарамастан, Бразилияда шерулер өтіп жатыр. Шерулердің соңғысы кеше Салвадор, Порту-Алегри, Белу-Оризонти, Сан-Паулы және елдің астанасы Бразилиада өтті. Бұл жолы митингке елдің ірі кәсіподақ өкілдері мен теңізшілері шығып, мемлекет басшыларынан жұмыс уақытының азайту мен жалақыны көбейтуді талап етті. 

Еске салайық, әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияда 12 қаласында өтеді. 

Турнирдің ашылу салтанаты Сан-Паулуда өтіп, алғашқы ойында Бразилия мен Хорватия құрамалары кездеседі. Чемпионаттың финалы 13 шілдеде Рио-де-Жанейродағы "Маракана" стадионында өтеді. Чемпионатқа бас-аяғы 32 елдің құрамасы қатысады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай