Алматы марафоны барысында 17 адам медициналық көмекке жүгінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы марафоны барысында 17 адам медициналық көмекке жүгінді Сурет: newskaz.ru

20 сәуір күні Алматыда өткен қайырымдылық марафоны барысында 17 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жедел жәрдем бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


20 сәуір күні Алматыда өткен қайырымдылық марафоны барысында 17 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жедел жәрдем бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Медициналық көмекке 17 адам жүгінді. Оның ішінде 5 адам қаланың емдеу орталығына жіберілсе, 1 адам қаланың Орталық клиникасының жан сақтау бөліміне жеткізілді", - делінген баспасөз хатында.

Еске салайық, Алматыда өткен ІІІ қайырымдылық марафонына биыл 9 мыңнан аса адам қатысты. Олардың қатарында - әйгілі спортшылар, мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер, қарапайым адамдар да бар. 

Биылғы марафон бағдарламасында 3, 10, 21, 42 шақырымдар енгізілген. Марафонның сөресі Қазақстанның тұңғыш Президенті паркінде болды. Ал мәрені қатысушылар Алматының Орталық стадионында кесті. Марафонның нәтижесін мына жерден көре аласыз. 

Айта кетейік, 2013 жылдың соңында "Алматы Марафоны" халықаралық марафон және жүгіру ассоциациясының құрамына кіріп, атақты Бостон, Амстердам, Нью-Йорк марафондарымен бір деңгейге көтерілді. Биылғы марафон барысында ұйымдастырушыларға қатысушылардан 10 миллион теңге кіріс кірді. Бұл ақшалар алдағы уақытта қайырымдылық шараларға жұмсалатын болады. 

 

 

Читайте также

Валюта бағамы

 486.89   552.33   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +22
Ақтау +24
Ақтөбе +16
Атырау +24
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +20
П
Павлодар +19
Петропавл +20
С
Семей +18
Т
Талдықорған +22
Тараз +21
Түркістан +16
О
Орал +17
Ө
Өскемен +20
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер