21 сәуір 2014 12:47

Алматы марафонының қорытынды нәтижелері шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Ұйымдастырушылар үшінші Алматы марафонының жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұйымдастырушылар үшінші Алматы марафонының жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолдағы бар мәліметтер бойынша, ерлер арасында 42,195 шақырым қашықта 2 сағат, 36 минут және 21 секунд көрсеткішімен Алмат Имашев бірінші орын алды. Екінші орынды Алматтан 10 минут қалып қойған Иса Назарбаев алса, үшінші орын Әмір Байтұқановқа бұйырған. Ал әйелдер арасында бұл қашықтықты бірінші болып Гүлжанат Ержанқызы бағындырды. Ол 42, 195 шақырымды 2 сағат 49 минут 52 секундта жүгіріп өткен. Екінші орынды 3 сағат 35 минут 12 секунд көрсеткішімен Екатерина Шатная алса, үшінші орынға 3 сағат, 57 минут және 10 секунд уақыт көрсеткішімен Элизабет Тейш тұрақтады. 

21 шақырымдық дистанцияда Михаил Красилов топ жарды. Михаил бұл қашықтықты 1 сағат 11 минут және 28 секунд ішінде жүгіріп өтті. Екінші орынды Евгений Медведни келсе, үздік үштікті Георгий Шейко қорытындылады. Бұл қашықтықта әйелдер арасында 1 сағат 34 минут және 40 секунд уақытымен бірінші орынды Юлия Колегова иеленді. Екінші орынды 1 сағат 37 минут 10 секунд уақытымен Елизавета Пахомова алса, Елизаветадан 16 секунд қалып қойған Ксения Турнаева үшінші болып мәре сызығын кесті. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үшінші Алматы марафонында 10 шақырымға жүгірушілер көптеп тіркелген. Бұл дистанцияда ерлер арасында 35 минут 20 секунд уақыт көрсеткішімен бірінші болып мәре сызығын Евгений Гардер кесті. Екінші орында 36 минтут 40 секундпен Абзал Байназаров. Үшінші орынды 37 минут және 4 секунд көрсеткен Нартай Қанатбек алды. Әйелдер арасында бұл қашықтықта бірінші орынды Раиса Төрежанов иеленді. Оның көрсеткіші - 39 минут және 38 секунд. Екінші орын Валерия Белоглазоға, ал үшінші орын Алена Гусеваға бұйырды. 

Ал үш шақырымдық қашықтықты бірінші болып Руфат Тохтахунов бағындырды. Оның көрсеткіші - 3 минут 21 секунд. Одан бір секундқа қалып қойған Алексей Гордеев екінші, ал жеңімпаздан 22 секундқа қалып қойған Ален Охотинский үшінші орында. Милана Ахматова бұл қашықтықты 17 минут 1 секундта жүгіріп өтіп, әйелдер арасында бірінші орын алды. Екінші және үшінші орындарда сәйкесінше София Баранова мен Карина Галиева. 

20 ұжымның спортшылары қатысқан командалық эстафетада ЦСКА командасы бірінші орын алды. Екінші орында Алматы марафонының ұйымдастырушылары - World Class командасы алса, үздік үштікті Lipton Clear Green түйіндеді. 

Еске салайық, үшінші Алматы марафоны кеше, 20 сәуір күні Алматыда өтті. Марафонға қатысушылардан 10 миллион теңге кіріс кірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ақшалар қайырымдылық шараларға жұмсалатын болады. Айта кетейік, 2013 жылдың соңында "Алматы Марафоны" халықаралық марафон және жүгіру ассоциациясының құрамына кіріп, атақты Бостон, Амстердам, Нью-Йорк марафондарымен бір деңгейге көтерілді. 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети