21 сәуір 2019 11:46

"Алматы марафонға" Түркістаннан келіп қатысқан қыз: Соңғы он шақырымда құстай ұштым

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құралай Сәрсембаева Құралай Сәрсембаева

Алматыда бүгін өтіп жатқан марафонға 17 мың адам қатысып жатыр. Бұл шара осымен Алматыда сегізінші рет өткізіліп отыр. Бұл Орталық Азиядағы ең ауқымды қайырымдылық спорттық шара болып табылады. Осы жарысқа қатысу үшін Түркістаннан арнайы келген Құралай Сәрсембаева Алматыдағы марафонның ерекшеліктері туралы Тengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 


Алматыда бүгін өтіп жатқан марафонға 17 мың адам қатысып жатыр. Бұл шара осымен Алматыда сегізінші рет өткізіліп отыр. Бұл Орталық Азиядағы ең ауқымды қайырымдылық спорттық шара болып табылады. Осы жарысқа қатысу үшін Түркістаннан арнайы келген Құралай Сәрсембаева Алматыдағы марафонның ерекшеліктері туралы Тengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

"Бүгінгі жарыста 21,1 шақырымды (жартылай марафонды) бағындырдым. Шамамен 2 сағат 20 минутта жүгіріп өттім. Жарысқа шамамен 1,5 ай дайындалдым. Бастапқы он шақырым оңай болды деп айта алмаймын. Бірақ одан кейінгі 10 шақырымда өзімді құстай сезіндім. Соңғы бір шақырым биікке өрлеу болғандықтан, аздап күш салуға тура келді. Шымкент, Түркістан жолдарымен салыстырғанда Алматының жолдары біркелкі тегіс емес, сол себепті мен үшін аздап ыңғайсыздау болғанын жасыра алмаймын", - дейді Құралай Сәрсембаева. 

Қыз бала дайындық кезінде Түркістанда мұндай қашықтыққа жүгіру реті келе бермейтінін айтады.

"Бір жарым жылдан бері Шымкентте өтетін марафондарға қатысып келемін. Онда тек 10 шақырымға жүгіретінмін. Бүгін Алматы қаласындағы шараға бірінші рет қатысып отырмын және 21 шақырымды да тұңғыш рет бағындырдым. Алматының ауа райы жүгіруге өте қолайлы екенін байқадым, өйткені Алатаудың баурайында көпшілікпен жүгірудің өзі адамды қанаттандырады. Мен сияқты күндіз-түні кеңседен шықпайтын адамдар үшін мұндай шаралар салауатты өмір салтын ұстануға жақсы мүмкіндік. Осымен үшінші рет "финишер" медалін алдым", - дейді марафоншы қыз. 

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматы марафонын ашып, сөз сөйлеген еді. Ол бұл туралы Тwitter желісіндегі парақшасында жазды. 


© Vesti.kz

"Алматы марафоны" жыл сайын спорт сүйер қауым мен салауатты өмір салтын ұстанушыларды жинайды. 

Жарысқа қатысушылар өзіне ыңғайлы бес дистанцияның біреуіне жүгіреді:

- Марафон (42 шақырым 195 метр).

- Полумарафон (21 шақырым 97,5 метр).

- 10 шақырым.

- Балалар дистанциясы 3 шақырым (10-14 жас).

- Экиден (марафон эстафетасы).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети