10 маусым 2014 14:42

Алматыда таеквондодан "Федерация кубогы" турнирі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

11-14 маусым күндері Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таеквондодан "Федерация кубогы" деп аталатын Республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


11-14 маусым күндері Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таеквондодан "Федерация кубогы" деп аталатын Республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл дода Қазақстан таеквондо федерациясының жаңа жобасы болып табылады. Одан бөлек турнирді Қазақстан құрамасының бапкерлері 28-31 тамыз күндері елордамызда тұңғыш рет өтетін Бүкіләлемдік Гран-при топтамасына дайындық деп бағалап отыр. 

"Федерация кубогы" деңгейі жағынан Қазақстанның ішкі біріншілігінен кейінгі екінші турнир. Осы уақытқа дейін бұл турнир Қазақстан Республикасының кубогы деп аталып келген. Ал, 2014 жылдан бастап бұл додаға "Федерация кубогы" деген ат беріліп, еліміздегі ең бәсі биік турнирлердің қатарына қосылды. 

Биылғы "Федерация кубогына" еліміздің барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 16 команда қатысады. Ал, жалпы қатысатын спортшылардың саны 250-ден асып түседі. Турнирдің ережесі бойынша бұл сынға жасы 17-ден асқан таеквондошылар ғана қатыса алады. Оның қорытындысы бойынша алдағы Азия біріншілігіне қатысатын спортшылардың тізімі анықталады. 

Жекпе-жектер барысында ерлер 54, 58, 63, 68, 74, 80, 87, +87 келі салмақ дәрежесі бойынша, қыздар 46, 49, 53, 57, 62, 67, 73, +73 келі салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады. Бұл "Федерация кубогының" басты ерекшелігі - командалық сайыс болмақ. Командалық сайыста әртүрлі аймақтың намысын қорғайтын 6-8 ұжымы қатысады. 

"Федерация кубогы" Қазақстан жерінде тұңғыш рет заманауи таеквондо төсеніші - Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы мақұлдаған сегіз бұрышты доянгта өтеді. Сонымен қатар турнир барысында жетілдірілген, жаңа ұпай санау технологиялары мен төрешілердің жаңа жұмыс жүйесі қолданылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети