Алтынбекова мен Тен ХОК-нің кезекті сессиясында Алматы-2022 өтінімін таныстырады

28 Шілде 2015, 13:51
3
Алтынбекова мен Тен ХОК-нің кезекті сессиясында Алматы-2022 өтінімін таныстырады - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен және бірқатар қазақстандық танымал спортшылар Малайзияда өтетін ХОК-нің кезекті сессиясында Алматы-2022 өтінімін таныстырады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясы 31 шілдеде Куала-Лумпурде өтеді. Онда 2022 жылы қысқы Олимпиада ойындары өтетін қала аталады. Бұған Алматы мен Бейжің қалалары да өтінім жіберді.

Ұйым комитетінің мүшелері ішінде бокстан олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Ермахан Ибрагимов, конькимен жүгіруден әлем чемпионы Денис Кузин, биатлоннан Ванкуверде өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері Елена Хрусталева бар. Толық тізіммен мына жерден таныса аласыздар.

Айта кетейік, 31 шілде күні сағат 15.00-де Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында ХОК сессиясының тікелей көрсетілімі болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай