07 ақпан 2014 13:38

"Арландар" мен "Ацтектер" кездесуге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет  Mexico Guerreros командасының Facebook желісіндегі парақшасынан алынды Сурет Mexico Guerreros командасының Facebook желісіндегі парақшасынан алынды

Бокстан WBS топтамасында өнер көрсететін еліміздің "Astana Arlans" және Мексиканың "Mexico Guerreros" командаларының былғары қолғап шеберлері салмақ өлшеу рәсімін сәтті өткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. WBS сериясының жетінші аптасында елордалық команда жекпе-жектерін сырт алаңда мексикалық "Mexico Guerreros" командасына қарсы өткізеді. Қос команданың арасында жекпе-жекті 52 келі салмақтағы "арлан" Мирас Жақыпов пен мексикалықтардың белді боксшыларының бірі Элиас Эмигондо бастайды. 60 келіде біздің команданың капитаны Самат Бәшенов Линдолфо Дельгадо Гарзаға қарсы тұрса, 69 келіде Манат Әмірзақов пен Марвин Кабрера арасындағы жекпе-жекті тамашалайтын боламыз. Ауыр салмақтарда біздің команданың намысын хорватиялық Хрвое Сеп (81 келі) пен Филипп Хргович (+91) қорғайды. Сеп Петр Чебанумен қолғап түйістірсе, Филипп Херардо Мигелем Бисбалемммен жұдырықтасады. Бұл қос команданың арасындағы кездесуді 8 ақпан күні 8,30 KazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети