26 ақпан 2014 13:29

"Астана" Атанас Курдовпен келісімшартқа отырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: fca.kz Сурет: fca.kz

Елордалық "Астана" футбол командасы болгариялық шабуылшы Атанас Курдовпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі команданың ресми сайтына сілтеме жасап. 25 жастағы шабуылшы софиялық "Левски" командасының тәлімгері болып табылады. Бірақ, ол өзінің кәсіпқой спорттық ғұмырын леверкузендік "Байер" сапында бастаған. Одан кейін швейцариялық "Винтертуре", болгариялық "Ботев", "Локомотив", "Славия" сынды командалардың намысын қорғаған. Футболдан Болгарияның соңғы бірінішілігінде бұл шабуылшы "Славия" сапында ойнап, 22 ойында 11 нәтижелі соққымен көзге түскен. Немістің Тransfermarkt сайтының ақпараты бойынша, бұл ойыншының трансферлік нарықтағы құны 450 000 еуро екен. Ал, ертеректе болгариялық БАҚ өкілдері Атанас "Астана" клубының сапына 1 000 000 еуроға ауысатынын жазған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети