12 мамыр 2014 16:09

Астанада студенттік фан-клуб құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация ©tengrinews Иллюстрация ©tengrinews

"Астана" Президенттік кәсіби спорт клубы және "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы мен басқа да астаналық жоғарғы оқу орындарының студенттерін біріктіріп, "Астана" ПКСК клубтарын қолдау әрекеттерін үйлестіретін фан-клубты құруға дайын екендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Назарбаев Университетінің сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін біз үлкен шаруаға бастау беріп, спорттық Астананың барша жанкүйерлерін біріктіретін және де Президенттік клуб үшін өте қуатты қолдау болатын үлкен фан-клубты құрып жатқанымызды ерекше атап өту керек", - деді клубтың өкілі Юрий Мельниченко салтанатты қол қою рәсімі кезінде.

Назарбаев Университеті студенттері атынан НУ студенттік үкіметінің Президенті Мирас Меңдібаев "Астана" президенттік кәсіби клубымен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуға дайын екендігін жеткізді.

Тараптар клубтардың пайымдауын, миссиясы мен әнұранын даярлау, веб-парақтарды жасау және модерациялауда шығармашылық демеу көрсету, топтық PR іс-шараларды, флеш-мобтарды, би мен ән, түрлі сайыстарды ұйымдастыру мен өткізу ("Ең жақсы жанкүйер", "Ең жақсы команда білімпазы" және де басқалар) жөнінде, сонымен қатар командалар мен жанкүйерлер арасындағы достықты нығайтуға бағытталған студенттердің қалалық құрама командалары мен "Астана" ПКСК командалары арасындағы достастық кездесулерді өткізу үшін ынтымақтастықты дамытады.

Еске сала кетейік, "Астана" президенттік кәсіби спорттық клубы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети