26 наурыз 2014 11:52

Астанада УЕФА-ның 60 жылдығына арналған көрме өтуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виртуалды сағат және УЕФА-ға мүше елдердің тулары. Сурет: УЕФА-ның ресми сайтынан алынды Виртуалды сағат және УЕФА-ға мүше елдердің тулары. Сурет: УЕФА-ның ресми сайтынан алынды

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында УЕФА-ның 60 жылдығына арналған көрме өтуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап. 2014 жылы УЕФА өзінің 60 жылдық мерейтойын тойлайды. Осыған орай, УЕФА-ның кезекті XXXVIII-ші конгресіне келген әр елдің федерация өкілдеріне және қарапайым көрерменге арналған көрме ашылды. Бұл көрмеге келушілер Еуропа футболының тарихы мен "кәртамыс" құрлықтағы барлық футбол додаларымен таныса алады. Көрменің ортасында диаметрі сегіз метр болатын символикалық сағат орналасқан. Оны айнала 60 жолақ қоршаған. Бұл УЕФА-ның 1954 жылдан бері қарай жүріп өткен жолын білдіреді. Әрбір жолақта түрлі фотосуреттер мен УЕФА-ның турнирлерінің өту кезеңі бейнеленген. Көрмеге қойылған заттардың аты мен фотосуреттерге УЕФА-ның ресми тілі ретінде бекітілген ағылшын, француз және неміс тілдеріне аударылып жазылған. Кейбір мәліметтер қазақ және орыс тілінде де берілген. Сондай-ақ көрмеге УЕФА-ға мүше 54 елдің тулары да қойылған. Еуропа футбол қауымдастығының 60 жылдығына арналған бұл көрмені "Die Firma Designwerk" компаниясы ұйымдастырған. Бұл УЕФА-ның мерейтойына арналған тек алғашқы шаралар ғана. Бұдан әрі мұндай шаралар ұйымның кезекті жиыны өтетін Базель және Ньон қалаларында ұйымдастырылады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети