Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанадағы УЕФА конгресін Серік Ахметов ашты

27 Наурыз 2014, 12:11
0
Қазақстанның премьер-министірі Серік Ахметов пен УЕФА президенті Мишель Платини. Сурет: Динара Байкадамова
Қазақстанның премьер-министірі Серік Ахметов пен УЕФА президенті Мишель Платини. Сурет: Динара Байкадамова

Астанада Еуропа футбол одағының кезекті XXXVIII-ші конгресі жұмысын бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Елордамызда өтіп жатқан бұл жиынды УЕФА президенті Мишель Платини ресми түрде ашып, алғашқы сөзді Қазақстанның премьер-министрі Серік Ахметовке берді.

"Баршаңызды Қазақстанда көргенімізге қуаныштымыз. УЕФА-ның ТМД елдері арасында Қазақстанға бірінші болып конгресті өткізуді сеніп тапсыруы біз үшін үлкен кұрмет. Бұл Қазақстан футболының дамуына зор ықпал етеді. Айтулы шараны біздің елде өткізіп жатқаны үшін УЕФА-ға алғыс айтамыз. Әлемдік спортта футбол адамдарды біріктіретін маңызды саланың бірі. Сондықтан да Қазақстан үшін де футболдың алатын орны ерекше. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев спортқа ерекше көңіл бөліп отыр. Футболда бұл ретте шет қалған жоқ. Оның үстіне мемлекет басшысы Қазақстан футбол федерациясының құрметті президенті болып табылады", - деді премьер-министр.

"Тәуелсіздігімізді алғаннан бері Қазақстанда төрт мыңға жуық түрлі футбол алаңдары мен спорт залдары салынды. Бүгінгі таңда сол алаңдарда 160 000 адам футболмен шұғылданады. Елімізде футболды дамыту үшін 2022 жылға дейін жастар мен жасөспірімдер футболын дамыту деген бағдарлама жасалды. Алдағы уақытта Қазақстанда футболға деген қызығушылық артып, отандық футболшыларымыздың деңгейі көтерілетініне сенімдімін. Қорыта айтқанда, Астанада өтіп жатқан УЕФА-ның кезекті конгресі Қазақстан және Еуропа футболының дамуына өз септігін тигізеді дегім келеді", - деді Серік Ахметов.

Айта кетейік, УЕФА-ның конгресін ТМД елдері арасында Қазақстан бірінші болып қабылдап отыр. Астанада өтіп жатқан жиында УЕФА президенті мен Атқару комитеті өткен маусым бойынша баяндама жасайды. Содан соң УЕФА комитеттері өз қызметтері туралы есеп береді. УЕФА-ның өткен маусымдағы қаржылай мәселелері қаралып, алдағы маусымдағы бюджеті ортаға салынады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай