30 желтоқсан 2021 09:58

Асу Алмабаев бразилиялық қарсыласын нокаутқа жіберді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/asu_zulfikar57 © instagram/asu_zulfikar57

Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев (14-2) Алматыдағы Naiza FC 36 жекпе-жек кешінде Бразилиядан келген Кайк Аленкарды (10-2) ауыр нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Кештің басты айқастарының бірінде жерлесіміз алғашқы минуттардан бастап белсенді болды. Нәтижесінде, Алмабаев үшінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша, бразилиялық спортшы карьерасында бірінші рет уақытынан ерте нокаутпен жеңіліп отыр.

Ал Асу Алмабаев болса 14 жеңісіне қол жеткізді.

Бір қызығы, Аленкар карьерасында тек қазақ жігіттеріне есе жіберген. 2019 жылы ол Арман Әшімовтен айласын асыра алмаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети