05 наурыз 2018 09:20

Аты-жөні мен азаматтығын өзгерткен спортшы Қазақстанға алтын әперді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еркін күрестен қазақстандық палуан Нұрислам Санаев 61 келіге дейінгі салмақта Бішкектегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады. 


Еркін күрестен қазақстандық палуан Нұрислам Санаев 61 келіге дейінгі салмақта Бішкектегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады. 

Ақтық сында Санаев жапон Казуй Коянагиді 6:2 есебімен тізе бүктірді. Ал финалға жолдамаға ол моңғолиялық Цинзорига Цермаамен, қырғызстандық Ұлықбек Жолдошбековпен және ирандық Иман Мохтар Садегикоукандехамен күресті. 

Бұл еркін күрестен Қазақстан құрамасының осы турнирдегі екінші алтын мелалі. Таяуда Азия чемпионатында 65 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ниязбеков бірінші орын алған еді. 

Жарыстың қола жүлдесін қазақстандықтар Жандос Исмаилов пен Мейіржан Әшіров жеңіп алған. 

Айта кетейік, Нұрислам Санаев тывалық Чадан қаласының тумасы. Оның шын аты-жөні Артас Санаа. 2014 жылы ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алып, ислам дінін қабылдап, есімін өзгерткен еді. Палуан Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада ел намысын қорғаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети