Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Алматыда өтеді

04 Наурыз 2014, 20:16
0
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Алматыда өтеді - Сурет wwc2013.pl сайтынан алынды
Сурет wwc2013.pl сайтынан алынды
Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты ресми түрде Алматыда өтетін болып, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Томаш Аян өзара келісімге қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының өкілдері Томаш Аян мырзамен Бангсаенеде (Таиландта) өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты барысында кездесіп, ересектер арасындағы әлем чемпионатын Алматыда өткізу жөніндегі келісімге қол қойған. Тараптар әлем чемпионатын өткізу барысында тығыз байланыста болуға келісіп, басқа да маңызды мәселелерді талқылаған.

Қараша айында Алматыда өтетін әлем чемпионатына төрткүл дүниеден 500-ге тарта спортшы қатысады деп күтілуде. Биылғы әлем чемпионатының ерекшелігі мен маңыздылығы сол, бұл жолы 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лизенция алуға болатын ұпай есептеу жүйесі басталады.

Естеріңізге сала кетейік, әу баста бұл әлем чемпионаты Астанада өтетін болған. Бірақ қараша айында Астанада суық болатыны ескеріліп, бүкіләлемдік біріншілік Алматыға ауыстырылған.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай