Ауыратлет Владимир Седов Қазақстан чемпионатында дау шығарды

07 Маусым 2016, 13:15
0
Ауыратлет Владимир Седов Қазақстан чемпионатында дау шығарды - © Vesti.kz
© Vesti.kz

Ауыратлет Владимир Седов Қазақстан чемпионатында дау шығарып, ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Міне сіздерге нағыз Олимпиада чемпионы!", - деп айғайлады Седов жейдесін шешіп. Ол жейдесін көрермендер жаққа лақтырды. Осыдан кейін ол штангаға жақындамай, сыртқа шығып кетті. Ел біріншілігінің фавориті (94 келіге дейінгі тұжырым) турнирге қатысудан осылайша бас тартты.

Сөйтсе, Седов киіп шыққан жейдеде ресейлік ауыратлет Александр Ивановтың суреті бар екен. Ол Лондондағы Олимпиада-2012-де қазақстандық Илья Ильиннен жеңіліп, екінші орын алған болатын. 

Айта кетейік, 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седов мансап жолын өткен жылы аяқтаған болатын. Алайда оның салмақ дәрежесіндегі екі спортшы допинг дауына ілініп, жарыстардан шығып қалғаннан кейін қайта оралған еді.  


© Vesti.kz


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай