23 мамыр 2017 16:03

Айналып келіп тебу әдісіне әбден машықтанғанмын - Арман Оспанов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен ACB 61 турнирінде жапон қарсыласы Таичи Накаджиманы (12-7-1 MMA; 2-1 ACB) екінші раундта нокаутқа түсіргеннен кейін турнирдің үздік нокауты үшін қосымша сыйақы алған болатын. 


Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен ACB 61 турнирінде жапон қарсыласы Таичи Накаджиманы (12-7-1 MMA; 2-1 ACB) екінші раундта нокаутқа түсіргеннен кейін турнирдің үздік нокауты үшін қосымша сыйақы алған болатын. 

Ол жекпе-жектен кейін Вестник ММА арнасына берген сұхбатында айналып келіп тебу әдісін әбден жетілдіріп, машықтанғанын айтты. "Спортшы кез келген позицияда дайын болуы тиіс, әлем чемпионы болсаң да, Олимпиада чемпионы болсаң да жетіле беруің керек. Мен үйде әрдайым осы айналып тебу әдісіне дайындаламын, себебі бұл трюк менің арсеналымда бар", - деді ол.

Алайда Оспанов дәл осындай нокаутпен жеңуді жоспарламағанын мойындады. "Екінші раундта қарсыласыма тосынсый жасап көрдім, сөйтіп, дәл жағына тиді", - деді файтер.

Сонымен қатар, файтер жанкүйерлердің қолдауы медет беретінін және отбасын асырау еңбектенуге шабыт сыйлайтынын айтты. Сондықтан да ол алдағы уақытта сәл демалып, отбасымен уақыт өткізгісі келетінін, ораза ұстайтынын айтты.

Еске салайық, қазақстандық спортшы 20 мамырда жапон спортшысымен кездескен еді. Бірінші раундта ол сақ жүрді, бірде қылғындыру әдісін де қолданып көрді. Алайда 28 жастағы жапон айлаға түспей жүрді. Ал екінші раундта Оспанов бірден шабуылға көшіп, қарсыласын айналып келіп теуіп, демде нокаутқа түсірді

Айта кетейік, Арман Оспанов бұл АСВ турнирінде бірінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның активінде 7 жекпе-жектен ММА-дан 7 жеңіс бар. Биыл қазақстандық ACB лигасымен 4 жекпе-жекке келісімшарт жасасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети