09 қыркүйек 2014 10:40

Азия ойындарында Әділбек Ниязымбетов ту ұстап шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Ниязымбетов ©tengrinews.kz Әділбек Ниязымбетов ©tengrinews.kz

19 қыркүйек пен 4 қазан күндері Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ұстап шығатын болды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық штаттық командалар баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Енді туды табыстау рәсімі осы аптаның жұма күні Алматы қаласында өтеді. Биыл өтетін Азия ойындарына Қазақстан атынан 420 спортшы спорттың 39 түрінен сынға түспек. Олардың арасында әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері, Лондон Олимпиадасының чемпиондары - Ольга Рыпакова мен Зүлфия Чиншанло бар.

2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан спортшылары 18 алтын еншілеп, командалық есепте бесінші орынға тұрақтаған болатын. Ол жолы ашылу салтанатында Қазақстан туын Серік Сәпиев ұстап шыққан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети