22 тамыз 2018 18:02

Баландин Азиада жарысында үшінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Данияр Майлыбаев. Қазақстан ХОК баспасөз қызметі Сурет Данияр Майлыбаев. Қазақстан ХОК баспасөз қызметі

2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дмитрий Баландин Джакартада өтіп жатқан Азия ойындары - 2018 жарысында қола медальды иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дмитрий Баландин Джакартада өтіп жатқан Азия ойындары - 2018 жарысында қола медальды иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Баландин үшін бұл жарыста бірінші сайыс брасс әдісімен 100 метрге жүзу болды. Қорытынды хаттамада оның есімі екінші тұрды, ол тек қытайлық Ян Зибейден қалып қойды. Қытайлық спортшы Баландин 2014 жылы орнатқан Азия рекордын жаңартты. 

Финалдық кездесуде 59,39 секунд нәтижесімен Баландин мәре сызығын үшінші болып кесті. 

Жеңісті жапониялық Ясухиро Косеки жұлып әкетті, сондай-ақ, ол Азия ойындарының рекордын жаңартты. Екінші болып Ян Зибей - 59,31 секундта келді. 

Айта кетейік, Риода өткен Олимпиада ойындары барысында Баландин брасс әдісімен 200 метр қашықтықта алдына жан салмай, алтын медаль иеленген еді. 

Өткен Азиада ойындарында ол үш дүркін чемпион атанған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети