06 тамыз 2021 16:44

Балуан Данияр Қайсанов Олимпиада жүлдесінен қағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының қола медалі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының қола медалі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Қайсанов қола жүлдені өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновпен сарапқа салған. Бұл кездесуде қазақстандық балуан қарсыласынан 2:12 есебімен жеңілді. 

Данияр Қайсанов бұған дейін жартылай финалда ресейлік Заурбек Сидаковқа 0:11 есебімен жол берген еді. Ал ширек финалда мысырлық Амр Реда Хуссенмен белдесіп, 8:5 есебімен жеңіске жеткен. 1/8 финалда Жапония чемпионы Кейсуке Отогуроны жеңген болатын.

28 жастағы Данияр Қайсанов 2019 жылы Азия чемпионы атанып, сол жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Былтыр да құрлықтық жарыста топ жарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети