05 тамыз 2021 10:23

Токио Олимпиадасы: Данияр Қайсанов жартылай финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Қазақстандық Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Қайсанов ширек финалда мысырлық Амр Реда Хуссенмен белдесіп, 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Қайсанов 1/8 финалда Жапония чемпионы Кейсуке Отогуроны жеңген болатын.

28 жастағы Данияр Қайсанов 2019 жылы Азия чемпионы атанып, сол жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Былтыр да құрлықтық жарыста топ жарған.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал кеше боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети