Балуан Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балуан Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды Фото: Жеңіс Ысқабай / olympic.kz

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санаев еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы балуандар жарысының қола медалін болгариялық Георгий Вангеловпен сарапқа салды. Қазақстандық балуан 5:1 есебімен жеңіске жетті. 

Бұған дейін Нұрислам Санаев жартылай финалда Санаев үндістандық Кумар Равиге есе жіберген. Ал ширек финалда жапон Юки Такахасиден басым түссе, 1/8 финалда Гвинея-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафені сенімді жеңген еді. 

30 жастағы Санаев Ресейдің Чадан қаласында туған. 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алып, Ақтөбе облысы атынан өнер көрсете бастады. 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, алғашқы жекпе-жегінде жеңілген. Бірақ кейін жұбаныш жекпе-жегіне шығып, тағы да қарсыласына жол берген еді. 

Кейін 2017 жылғы әлем чемпионатында күміс, 2019 жылы қола медаль алған. 2018 жылы Азия чемпионы атанған.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы алтыншы медалін жеңіп алды. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов та қола жүлде еншілеген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети