20 наурыз 2014 11:14

"Барыс" Еуропадағы жанкүйерлері ең көп жиналатын жүз команданың қатарына қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыс" ойыншылары. Сурет: Tengrinews.kz архивынан "Барыс" ойыншылары. Сурет: Tengrinews.kz архивынан

Халықаралық хоккей федерация (IIHF) 2013/14 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Еуропадағы жанкүйерлері ең көп жиналатын командалардың тізімін жасақтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл тізімде астаналық "Барыс" хоккей клубы да бар. Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыс" қарт құрлықтағы жанкүйерлері ең көп жиналатын 100 команданың арасында 89 орынға тұрақтаған. Елордалық команданың әр ойынына орта есепен - 3733 жанкүйер жиналады екен. IIHF-ның зерттеуі бойынша, "Кәртамыс құрлықтағы" жанкүйерлері ең көп жиналатын команда швейцариялық "Берн" командасы болып тіркелді. Бұл ұжымның өз алаңдарында өткізген әрбір ойынын - 16 347 жанкүйер тамашалайды. Екінші орында германиялық "Айсберен" командасы. Оның ойындарына орта есеппен - 12 718 жанкүйер келеді. Ал, әрбір ойынына 12 133 жанкүйер жиналатын питерлік "СКА" командасы тізімнің үшінші сатысында. Сонымен қатар IIHF Еуропа мен Азия аймағындағы 17 хоккей лигаларының да рейтингін жариялаған. Біздің "Барыс" өнер көрсететін Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) бұл тізімде төртінші орында. ҚХЛ-дің әрбір турына орта есеппен 5 812 жанкүйер жиналады. Лигалар арасындағы рейтингтің көшін "National League A" деп аталатын Швейцария біріншілігі бастап тұр. Бұл лиганың әрбір ойынын - 6,872 адам көреді. Екінші орында Германияның "Deutsche Eishockey Liga" лигасы. Оның орта есеппетн әр турына - 6,343 жанкүйер қатысады. Үздік үштікті 5,978 жанкүйерімен Швецияның "Swedish Hockey Liga" лигасы түйіндеп тұр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети