30 қаңтар 2014 16:36

Бауыржан Исламхан өз командасын таппай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Исламхан. Сурет com-cup.com сайтынан Бауыржан Исламхан. Сурет com-cup.com сайтынан

Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Достастық кубогы кезінде Ресей жастар құрамасының бас бапкері Николай Писарев қазақстандық Бауыржан Исламханды әбден мақтады, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сүйенген Tengrinews.kz. Николай Писаревтің айтуынша, Бауыржан Исламхан өз командасын таппай жүр екен. Егер өзіне қолайлы ұжымда ойнар болса, Батори жасыл алаңда көз тоймайтын кереметтерді жасай алатын көрінеді. "Сіздердің капитандарыңыз - өте дарынды ойыншы. Ол шабуылды қалай өрбіту керектігін алдын-ала есептеп отырады. Бұл екінің біріне беріле бермейтін қасиет. Міне, осындай ойыншылар турнирдің көркін қыздырады. Неліктен "Кубаньда" жолы болмады дейсіз бе?! Краснодардың командасында бапкерлер жиі ауысады. Сондықтан, ол жақта бірден ойнап кету өте қиын. Жастарды былай қойғанда тәжірибелі ойыншылардың өздері "Кубаньда" ойнай алмай кетіп жатады. Бәсекелестік де жоғары. Меніңше, Исламханға жедел түрде "өз командасын" тауып алу керек. Сонда ол өз мүмкіндігін көпшілікке барынша паш етеді", - деп келтірді Писаревтің пікірін Vesti.kz. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Ресей жастар құрамалары Достастық кубогының ширек финалында кездесіп, жерлестеріміз 1:3 есебімен жеңіліп қалған. Алаң иелерінің қақпасына жалғыз голды "шахтерлік" Роман Муртазаев соқса, Бауыржан Исламхан Қазақстан сапындағы үздік ойыншы болып танылған. Енді Қазақстан жастар құрамасы 5-8-орындар үшін болатын кездесуде Латвия құрамасымен кездеседі. Ойын 31 қаңтарда Астана уақытымен сағат 16:15-те басталады деп жоспарланған. Естеріңізде болса, топтық кезеңнің соңғы турында екі құрама кездесіп, ойын 0:0 есебімен аяқталған болатын. Ал жартылай финалда Украина мен Беларусь және Эстония мен Ресей кездеседі. Айтпақшы, Достастық кубогынан кейін Бауыржан Исламханның Алматының "Қайратына" ауысатыны жайлы айтылып жүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети