30 қаңтар 2014 13:22

Жастар құрамасы Достастық кубогында сүрінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Достастық кубогының ресми сайтынан Сурет Достастық кубогының ресми сайтынан

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (21 жасқа дейін) 2014 жылғы Достастық кубогының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz. дереккөзіне сілтеме жасап. Ширек финалда Қазақстан жастары 1:3 есебімен Ресей командасынан ұтылып қалды. Бұл жөнінде мына жерден оқи аласыздар Жартылай финалда Ресей жастар құрамасы Эстониядан келген құрдастарымен додаға түседі. Эстондар ширек финалда Латвия жастарын 2:0 есебімен ұтқан болатын. Екінші жатылай финалда Украина және Беларусь жастары кездеседі. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жастары Санкт-Петербургте өтіп жатқан дүбірлі доданы Беларусь құрамасымен бастап, 1:4 есебімен оңбай ұтылып қалған. Бірақ келесі матчта мәскеулік құрдастарын 2:0 есебімен тізерлетті. Саулюс Ширмялис баптайтын жастарымыз топтық кезеңдегі соңғы ойынын Латвия құрамасымен өткізіп, тең түскен болатын (0:0).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети