01 маусым 2017 16:34

Белгілі спортшылар балалық шағындағы армандарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Cosmo.kz © Cosmo.kz

Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) өз сайтында белгілі спортшыларымыз түсірілген видео жариялады. Онда атлеттеріміз бала кездеріндегі арманы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) өз сайтында белгілі спортшыларымыз түсірілген видео жариялады. Онда атлеттеріміз бала кездеріндегі арманы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бала кезімде спортшы болғым келді. Жолым болды, арманым орындалды", - дейді Олимпиада ойындарының жүлдегері боксшы Әділбек Ниязымбетов. 

"Өрт сөндіруші болғым келді. Өрт сөндірушілердің ойыншық көлігі болған. Өскен кезде үлкен қызыл көлікпен зулап жүргім келетін", - дейді жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин. 

"Бала кезімде полицей боламын деп армандайтынмын, ерлікке, айналаңды қорғау ұмтылысынан болған шығар", - дейді Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит. 

"Ғарышкер болғым келді, кейін директор болсам дедім", - деп күлді велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров. 

"Балалық шағымда ең сүйікті ойыншығым көліктің рөлі болатын. Ата-анам жылдамдыққа деген ынтамды көріп коньки алып берген еді", - деп бөлісті қысқы Олимпиаданың қол жүлдегері Денис Тен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети