20 ақпан 2022 15:15

Бейжің Олимпиадасы аяқталды: Ресей мен АҚШ медальдар есебінде үздік үштікке кірмей қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

2022 жылғы Бейжің Олимпиадасы аяқталды. Норвегия медальдар есебінде көш бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


2022 жылғы Бейжің Олимпиадасы аяқталды. Норвегия медальдар есебінде көш бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Норвегия құрамасының қоржынында 16 "алтын", 8 "күміс" және 13 "қола" бар. Екінші орынды Германия (12-10-5), үшінші орынды Қытай (9-4-2) иеленді. Алайда америкалық Gracenote агенттігі Қытай үздік ондыққа кірмейді деп болжаған еді.

Gracenote болжамы бойынша, командалық есепте үшінші орынды алады деген Ресей (6-12-14) тоғызыншы орынға тұрақтады. Ал АҚШ командасы (8-10-7) төртінші орында.

Жалпы медальдар саны бойынша көшбасшы - Норвегия (37), Ресей екінші қатарда (32), Германия үшінші орында (27).

Қазақстан Бейжіңде өткен 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын медальсіз аяқтады.

Бүгін, 20 ақпанда 2022 жылғы Олимпиада ойындардың жабылу салтанаты өтеді. Шараның басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети