24 қаңтар 2022 13:45

Бейжің Олимпиадасында COVID-19 жұқтыру дерегі анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейжің Олимпиадасын ұйымдастырушылар Қытайға 4-22 қаңтар аралығында келген 2586 адамның арасынан COVID-19 жұқтырған 72 жағдайды растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.


Бейжің Олимпиадасын ұйымдастырушылар Қытайға 4-22 қаңтар аралығында келген 2586 адамның арасынан COVID-19 жұқтырған 72 жағдайды растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, расталған жағдайлардың 39-ы әуежайда тест тапсырған кезде, ал 33-і "жабық шеңбер" ішінде, яғни ойындарға қатысушыларға арналған коронавирус таралуын болдырмау үшін жасалған орында анықталған.

Жабық орындағы қатысушылар күн сайын тест тапсырады. 4-22 қаңтар аралығында 336 421 ПТР-тест тапсырылған.

Осы аралықта келген 171 спортшы мен команданың ресми тұлғалары арасында COVID-19 дерегі анықталмағаны айтылды.

Бейжің-2022 медициналық сараптама тобының төрағасы Брайан Макклоски көрсеткіштер былтыр жаздағы Токиода өткен ойындарға, болжамдарға сәйкес келетінін айтты.

"Біз жабық жағдайда ешқандай дерек тіркелмейтіндей нәтижеге қол жеткізуді мақсат тұтпадық", - деді ол.

Агенттік ақпаратына сәйкес, ойындардың барлық қатысушысы Қытайға ұшқаннан кейін 96 сағат ішінде ПТР тестінің екі теріс нәтижесін алуы керек және көпшілігі арнайы ұйымдастырылған чартерлік рейстермен келуі қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети