01 наурыз 2015 16:21

Бобслейден Ресей құрамасының бапкері әлем чемпионаты кезінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Щегловский. Фото eurosport.ru сайтынан Александр Щегловский. Фото eurosport.ru сайтынан

Бобслейден Ресей құрамасының аға бапкері Александр Щегловский Германияның Винтерберг қаласында бобслей мен скелетоннан өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды ТАСС Ресей құрамасының спорт дайындығы орталығы директорының кеңесшісі, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Александр Зубковқа сілтеме жасап. 

Бапкердің өліміне жүрек ауруы себеп болуы мүмкін. "Бұл қайғылы оқиға кеше қонақүйдегі кешкі астан соң болды, Александр Витальевич өзін жайсыз сезінді. Біз бірден дәрігерлерді шақырдық, бірақ олар ештеңе істей алмады, біздің бапкердің қайтыс болғанын есепке алды. Алдын ала диагноз - жүрек жетімсіздігі", - дейді Зубков. 

51 жастағы Александр Щегловский босблейден Ресей құрамасының бапкері болып 2007 жылдан бері жұмыс істеген. Аға жаттықтырушының қайтыс болғанына қарамастан, Ресей құрамасы Винтербергтегі әлем чемпионатында жарысты жалғастыра береді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети