14 сәуір 2014 | 17:48

Бостон марафоны жасырын камералармен бақыланатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бостондағы былтырғы марафонда екі жарылыс болған еді. ©Hvylya.org Бостондағы былтырғы марафонда екі жарылыс болған еді. ©Hvylya.org

Бостондағы дәстүрлі марафонның қауіпсіз өтуі үшін биыл 100-ден аса жасырын камера орнатылатын болады. Бул туралы қала мэрі Мартин Уэлш пен полиция басшысы Уильям Эванс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ru порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бостондағы дәстүрлі марафонның қауіпсіз өтуі үшін биыл 100-ден аса жасырын камера орнатылатын болады. Бул туралы қала мэрі Мартин Уэлш пен полиция басшысы Уильям Эванс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ru порталына сілтеме жасап.

Биыл бұл шара 21 сәуірге белгіленіп отыр. Қала мэрінің айтуынша, бұл күні марафон өтетін аймақтарда құқық қорғау қызметкерлерінің саны көбейтіледі. Әсіресе, қала басшылары мәреге жақын аймақтар жіті қадағаланатынын айтып отыр. Сондықтан да ол жерге 50 бақылау бекеті құрылмақ. Ал жалпы марафонның қауіпсіздігін 3 500 полицей қарап, жол бойында 13 жедел жәрдем көлігі мен 140 дәрігерлер қызмет атқаратын болады. 

"Біздің басты мақсатымыз - марафонға қатысушылардың барлығының мәреге аман-есен жетіп, жақсы көңіл күйде болуы. Сондықтан да бұл жылы қауіпсіздік шараларын мұқият қолға алып отырмыз", - дейді Мартин Уэлш.

Айта кетейік, бір жыл бұрын Бостондағы жыл сайынғы марафонда екі жарылыс болып, оның салдарынан үш адам қаза тауып, 280-і жарақат алды.

Жарылысты ұйымдастырды деп Тамерлан және Джохар Царнаев есімді ағайындылар айыпталып отыр. Тамерлан полицейлермен атыс кезінде қаза болды, ал Джохар ұсталып, қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети