26 наурыз 2021 11:21

Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/ismagulov_damir Фото: instagram.com/ismagulov_damir

Аралас жекпе-жек файтері қазақстандық Дамир Исмағұлов UFC-пен жаңа келісімшарт жасасты. Оның келесі жекпе-жегі 15 мамырда өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Аралас жекпе-жек файтері қазақстандық Дамир Исмағұлов UFC-пен жаңа келісімшарт жасасты. Оның келесі жекпе-жегі 15 мамырда өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Ол Хьюстонда UFC 262 турниріне қатысады, ал оның қарсыласы 29 жастағы бразилиялық Рафаэл Алвес.

30 жастағы Исмағұлов 2019 жылдың тамызынан бастап жарақат салдарынан октагонға шықпады.

Оның соңғы жекпе-жегі Қытайдағы UFC Fight Night 157 турнирінде өткен. Онда Дамир төрешілер шешімімен бразилиялық Тиаго Мойзесті жеңді. Промоушенде Дамир үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Айта кетейік, жақында Исмағұлов UFС-пен жаңа келісімшартқа қол қойды. Кейінірек Исмагулов Instagram-парақшасында алдағы жекпе-жектің егжей-тегжейімен бөлісіп, қарсыласының атын табуды ұсынды. Спортшы жеңімпаз менеджері Саят Абдрахмановтан мың теңге ұтып алады деп қалжыңдаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети