1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Дамир Рыспаев коронавируспен "рингке шығуға" дайын екенін айтты

"Барыс" жүйесінде ойнайтын хоккейші Дамир Рыспаев Қазақстанда коронавирус эпидемиясының таралуына қарсы енгізілген шаралар туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 наурызда "Барыстың" ҚХЛ плэй-офф кезеңіне қатысудан бас тартқаны белгілі болды. Себеп - Қазақстана енгізілген төтенше жағдай. 

"Менде бәрі жақсы. Әрине, басқа жерде сияқты бізде де шектеулер бар. Бұл бұқаралық шараларға, мекемелерге, сауда орталықтарына, мектептерге, университеттерге қатысты. Барлығы үйде, барлығы үйдегілер (күлді). Бірақ дүрбелең жоқ. Барлығы бүгінгі күнмен өмір сүріп, жақындарымен бірге болуға тырысады.

Егер коронавирус зат болғанда, онымен рингке шығар едім. Мен оған өз орнын көрсетер едім, сол кезде ол соншалықты қатты тарамай, адамдарды мазаламас еді. Өкінішке қарай, ол зат күйінде емес", - деді Рыспаев "Чемпионатқа" берген сұхбатында.

Еске салайық, ҚХЛ 2016 жылы жазда Рыспаевты "Куньлунь" хоккейшілерімен төбелескені үшін мерзімсіз корпоратив дисквалификацияға жіберген болатын. 2017 жылы желтоқсанда оған лигаға оралуға рұқсат берілген. 

Осы маусымда Рыспаев "Барыстың" фарм-клубы "Номад" сапында ойнап, Жоғары хоккей лигасында өнер көрсеткен болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

ШҚО-да ұшақ өртенді