09 тамыз 2018 08:55

Денис Тен туралы "Тает лед" арнайы шығарылымы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің рухына арналған "Матч ТВ" арнасындағы "Тает лед" атты арнайы бағдарламасы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алексей Ягудин бастамашы болған бағдарлама 8 тамызда 17:55-те көрсетілді. 

Денис Тен 16 жасында Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан ең жас спортшы болды. "Тает лед" арнайы шығарылымда Денис Тенмен жақын дос болған Алексей Ягудин спортшының достарынан, бапкерлерінен және танымал мәнерлеп сырғанаушылардан сұхбат алған: актер Санжар Мәди, режиссер әрі сценарист Игорь Цай, мәнерлеп сырғанаушылар Максим Маринин, Татьяна Тотьмянина, Максим Тараньков, Татьяна Волосожар, Илья Авербух, бірінші бапкері Елена Водорезова және Тенмен 6 жыл бойы жұмыс істеген әйгілі Татьяна Тарасовадан. 

Арнайы бағдарламаның түсірілімдері Мәскеуде, Сочиде және Алматыда өткен. 

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан ол ауруханада көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети