21 маусым 2015 02:25

Денис Тен "Тұран" тобының сүйемелдеуімен өнер көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен. © Айжан Түгелбаева Денис Тен. © Айжан Түгелбаева

Алматыдағы Спорт сарайында "Денис Тен және оның достары" атты мұзды шоу өтті. Қазақстан және өзге елдер спортшыларының қатысуымен үш жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан шарада биыл Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей және Жапониядан келген қонақтар өнер көрсетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Спорт сарайында "Денис Тен және оның достары" атты мұзды шоу өтті. Қазақстан және өзге елдер спортшыларының қатысуымен үш жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан шарада биыл Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей және Жапониядан келген қонақтар өнер көрсетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Денис Тен және оның достары. Сәлем" мұзды шоуын Оңтүстік Кореядан келген жас өнерпаз Су Ен Пак ашты. Одан кейін айдынға канадалық спортшы Эладж Балде шықты. Қытайдан келген Цин Пан мен Цзянь Тун жұбы Алматыда алғаш рет өнер көрсетті.

© Айжан Түгелбаева

Биыл шоуға Канададан келген Ше-Лин Бурн режиссер болды. Ұйымдастырушылар техникалық бөлімге ерекшелік енгізу мақсатында жарқын эффекттер пайдаланды.

Сонымен қатар, Франциядан келген Олександр Любченко мен Жан-Дени Санши өз бағдарламалары арқылы шоуды одан ары жандандырды. Арнайы арқан арқылы Спорт сарайының төбесіне дейін шыққан франциялық Мари-Пьер Лерай өнерімен жұртты таңғалдырды.

Шоудың екінші бөлімі классикалық болды, спортшылар ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляковтің басқаруындағы Алматы әкімдігінің жанды дауыстағы музыкамен сүйемелдеуі арқылы өнер көрсетті. Денис Тен "Тұран" этно-фольклорлық тобының сүйемелдеуімен олимпиадалық нөмірін қойды.

Соңында дәстүр бойынша барлық қатысушылар қазақтың ұлттық киімін киіп шығып қойылым қойды. Үш жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан ерекше нөмірге көрермендер орындарынан тұрып, қолдарын соқты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети