06 ақпан 2014 19:41

Денис Тенді Сочи Олимпиадасы жұлдыздарының қатарына қоспапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ресейлік "Советский спорт" сайты жасаған тізімде Сочи Олимпиадасының жұлдыздар қатарына ене алмады деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасай отырып. Денис Тен 2013 жылы Канадада өткен Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. Сондай-ақ «Icechallenge» және Италиядағы белді турнирдің жеңімпазы болған. Бірақ, 2013 жылы Тен қанша сәтті өнер көрсетсе де, "Советский спорт" сайтының оқырмандары оны Олимпиада жұлдыздарының қатарына енгізбепті. Сайттың жасаған рейтингісі бойынша, мәнерлеп сырғанауда Олимпиаданың сөзсіз жұлдызы ресейлік Евгений Плющенко мен канадалық Патрик Чан болған екен. Сондай-ақ ХХІІ қысқы ойындардың жұлдыздары қатарына бірнеше спортшылар енген. Олар мәнерлер сырғанаудан Татьяна Волосожар мен Максим Тараньков (Ресей), Савченко мен Робин Шолковы (Германия), мұздағы би спортынан Мерил Дэвис пен Чарли Уайт (АҚШ), Тесса Вирчу мен Скотт Мойр (Канада), Екатерина Боброва мен Дмитрий Соловьев (Ресей), мәнерлер сырғанаудан әйелдер арасында Каролина Костнер (Италия), Юна Ким (Южная Корея) және Мао Асада (Япония) сынды спортшылар енген

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети