26 қыркүйек 2014 17:24

Дмитрий Баландин - Азия ойындарының үш дүркін чемпионы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазастандық жүзуші Дмитрий Баландин Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында 50 метрге жүзу бейгесінде топ жарып, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазастандық жүзуші Дмитрий Баландин Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында 50 метрге жүзу бейгесінде топ жарып, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дмитрий Баландин бұл қашықтықта Азия ойындарының рекордын жаңартып, 27.78 секунд уақыт көрсетішімен бірінші болып келді. Екінші орынды жапониялық Ясухиру Косеке алса, үздік үштікті үндістандық спортшы Сандип Сейвал қорытындылады.

Бұл - қазақстандық жүзу спортының жас таланты Дмитрий Баландин үшін Азия ойындары барысындағы үшінші алтын жүлде. Бұған дейін 19 жастағы спортшы 200 метрлік қашықтықта топ жарса, кейін100 метрлік бәйгеде жеңімпаз атанды.  

Айта кетейік, Баландиннің бұл жүлдесінен кейін Қазақстан құрамасы командалық есепте төртінші орынға нық орналасты. Біздің құраманың еншісінде сегіз алтын, 9 күміс және 17 қола медаль бар. Бүгін Баландиннен өзге құрама қоржына ауыр атлет Мария Грабовецкая мен нысана көздеу спортынан тәжірбиелі спортшы қызымыз Ольга Довгун салды.

Ауыр атлетика додасында 75 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғанан Мария күміс еншілесе, Ольга 50 метрге пневматикалық тапаншамен үш қалыпта атудан алтын алды.   

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети