29 қаңтар 2014 13:55

Елена Хрусталева Азия чемпионатында топ жарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Хрусталева. Сурет zimbio.com сайтынан Елена Хрусталева. Сурет zimbio.com сайтынан

Елена Хрусталева биатлоннан Азия чемпионатының қысқа қашықтықтағы бәйгесінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz дереккөзіне сүйене отырып. Азия біріншілігі Алматының іргесіндегі Салтатты сай шатқалында өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Елена Хрусталева биатлонан Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері болып табылады. Азия чемпионатының 7,5 шақырымдық қысқа қашықтықтағы бәйгесінде екінші орынды қазақстандық Галина Вишневская иеленді. Үшінші орын көпшілікке танымал шаңғышымыз Алексей Полтораниннің жұбайы Ольга Полторанинаға бұйырды. Бірінші жеңімпазы Елена Хрусталева атанған Азия биатлоншыларының чемионаты 2014 жылдың 31 қаңтарына дейін созылады. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Жапония және Қытай биатлоншылары қатысуда. Қысқа қашықтықтағы нәтижелермен мына жерден толығырақ таныса аласыздар. Биатлоннан Азия чемпионаты Сочи Олимпиадасы алдындағы дайындықтың соңғы кезеңі болып табылады. Осы ретте айта кетейік, Қазақстан құрамасының сапында он биатлоншы бар. Олар: Елена Хрусталева, Ян Савицкий, Антон Пантов, Александр Трифонов, Диас Кеңешев, Сергей Наумик, Галина Вишневская, Дарья Усанова, Марина Лебедева және Алина Райкова. Қысқы Олимпиада ойындары Сочиде 2014 жылғы 7-23 ақпан аралығында өтеді. Осы дүбірлі додаға Қазақстан спортшыларын дайындау үшін шетелдік 17 жетекші маман татылды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети