25 ақпан 2014 15:23

Елена Хрусталева Сочидегі сәтсіздігін түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Хрусталева. ©Ярослав Радловский Елена Хрусталева. ©Ярослав Радловский

Елена Хрусталева Сочи Олимпиадасында не үшін нашар өнер көрсеткендігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Сочи Олимпиадасы барысында өзінің "сүйікті" қашықтығы саналатын 15 шақырымдық жекелей сында небәрі 47-орын алды. Ал, әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық эстафетада 57-нәтижені көрсеткен болатын. Елена Хрусталеваның айтуынша, Сочидегі Олимпиада ойындарында техникалық қиындықтар орын алған екен. "Қиындықтар техникалық жағынан болды. Әсіресе, шаңғыны майлауда. Ерлер командасында қалай болғанын білмеймін бірақ, бізде жалпы командаға бір ғана шаңғы майлаушы болды. Ал, Ресей командасында мұндай қызмет көрсетушілердің саны 20. Биатлоншыларда шамамен 10-15 қызметкер болды. Бұл жарысқа әсер ететін факторлардың бірі. Біздің қателігіміз де болды әрине. Бір тактикалық, бір техникалық қателік орын алды. Бірақ мұндай қателіктерден қашып құтыла алмайсың", - дейді биатлоншы қыз. Сонымен қатар Елена Хурсталева Ақ ойындар барысында шаңғышы Алексей Полторанинге көп үміт артылып, оның техникалық мүмкіндіктері де көп болғанын атап өтті. Спортшының айтуына қарағанда, Полторанинде екі бірдей қызметкер болған. "Біз дәрігер және массаж жасаушысыз бардық. Бұл қызметтің барлығы Алексей Полторанинге көрсетілді. Үміттің барлығы Алексейге артылды, сондықтан да сұрақты соған қойыңыздар. Ол соңғы екі жылда жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүр, команданың сөзсіз көшбасшысы, сол үшін оған көп үміт артылды", - дейді ол. Спортшы қыз сондай-ақ Олимпиада алдында жүлделі орындарға үміттенгенін айта кетті. "Менің бұл ойындарда көрсеткен нәтижеммен жүлделі орынға ілігеді дегенге сену қиын. Дегенмен, үздік 15 спортшының қатарынан көрінсем деп едім. Ал үздік 15 спортшының қатарынан жүлдеге ілігу үшін барлық жұлдыздарың сәйкес келу керек. Ванкувер Олимпиадасында барлығы да сәйкес келсе, Сочиде сәйкес келу керек болған жұлдыздардың барлығы да қарама-қарсы болды. Полторанинде де солай. Құдайға шүкір, Денис Тенге сәттілік сәйкес келді", - дейді спортшы қыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети