23 қыркүйек 2018 15:01

Элизабет Тұрсынбаева Братиславада өткен турнирде екінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© abctv.kz © abctv.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Словакия елінің астанасы Братиславада өткен "Ondrej Nepela Trophy" Челленджер сериясындағы жарыста екінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Словакия елінің астанасы Братиславада өткен "Ondrej Nepela Trophy" Челленджер сериясындағы жарыста екінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қысқа бағдарламада отандасымыз 69,99 ұпайға қол жеткізіп, үздік көрсеткішіне қол жеткізді. Еркін бағдарламада Элизабет 122,31 ұпай еншіледі. Қос бағдарлама нәтижесі бойынша күміс медальға қол жеткізді.

Жарыста жапон мәнерлеп сырғанаушысы Рика Кихира жеңіске жетті. Ол екі бағдарлама бойынша 218,16 ұпай жинады. Қола медальды Станислава Константинова (180,02 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ресейлік маман Этери Тутберидзенің командасына маусым айында қайта оралған еді.

Спортшы мен жаттықтырушының келісімі 2022 жылғы Пекин Олимпиадасына дейін жасалған. 18 жастағы отандасымыз ресейлік маманмен 2012-2013 жылдары жаттыққан. Одан кейінгі 5 жылда канадалық Брайан Орсер жаттықтырды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети