Элизабет Тұрсынбаеваның неліктен Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетуді таңдағаны белгілі болды

02 Сәуір, 09:25
0
Элизабет Тұрсынбаеваның неліктен Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетуді таңдағаны белгілі болды - Элизабет Тұрсынбаева. © REUTERS
Элизабет Тұрсынбаева. © REUTERS

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваның анасы Падишахан Сұлтаналиева Алматыда Илья Авербухқа арналған баспасөз мәслихатында Мәскеуде туып-өскен қызы неліктен Қазақстан атынан өнер көрсеткенін айтты.

"Бұл - менің және жолдасымның шешімі. Көбі оның бәсекелестіктен қашып кеткенін айтып жатыр. Ондай ештеңесі де жоқ, Элизабет Ресей құрамасында да өнер көрсетті. Бірақ біз Қазақстан атынан шығып Қазақстанды дамытқымыз келді", - деп келтіреді анасының сөзін "Чемпионат" басылымы.


Элизабет Тұрсынбаева ата-анасымен.

"Әкем қазақ, жайдан жай Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп жатқаным жоқ. Мен қазақпын, соны мақтан тұтамын. Халықаралық аренада біздің әнұранымызды естіп, туымыздың көтерілгенін көргім келеді. Осындай сәттер үшін күнделікті дайындалуға болады".

Еске салайық, таяуда спортшы қыз Жапонияда өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді. Тұрсынбаеваның жалпы ұпайы 224.76 болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай