20 наурыз 2014 16:32

Энвер Әлімжановты еске түсіруге арналған турнир өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Энвердің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды Сурет Энвердің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды

26 наурыз, сәрсенбі күні Алматыда шпагадан мезгілсіз дүниеден өткен жас ноян Энвер Әлімжановты еске түсіруге арналған турнир өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Осыдан үш жылға жуық уақыт бұрын, мамыр айының басында Энвер Әлімжанов жол апатынан қаза тапқан болатын. Семсерлесу спортынан көпшілікке танымал жаттықтырушы Эльдар Әлімжановтың кіші ұлы 22-ден асқан шағында дүниеден өткен. Ол жас та болса, елімізге танымал шпагашы еді. 2005 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген. Әлеуеті зор, талантты ноян болатын. Содан бері жыл сайын Энвер Әлімжановты еске түсіруге арналған турнир өткізу дәстүрге айналған. Биыл үшінші рет ұйымдастырылмақ. Тіпті көрші елдердің белгілі спортшылары да келіп қатысып, бұл турнир халықаралық мәртебеге ие бола бастады. Биыл Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және өзіміздің шпагашылар қатысады деп күтілуде. Энверді білетін, онымен бірге талай додаға қатысқан Қазақстан ұлттық құрамасы мен көрші елдердің құрамаларының шпагашылары бұл турнирге қатысып, оның аруағына құрмет көрсетіп жүр. – Бұл турнирді екі жас мөлшерінде өткіземіз. Ересектер және балалар арасында. Былтыр 80-нен астам ноян қатысқан. Биыл да 80 спортшыдай қатысуы керек. Демеушілердің сыйлықтары да жұпыны емес, – дейді Энвердің әкесі, шпагадан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Эльдар Әлімжанов. Ал Энвердің ағасы Эльмир Әлімжанов Канадаға ұшып кетті. Сенбі күні Ванкуверде "Гран-при" додасы басталады. Оған біздің елдің атынан Эльмирден бөлек Руслан Курбанов пен Дмитрий Алексанин қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети