11 қараша 2014 14:39

"Еуразия Барысы" атағына 12 елден 60 палуан таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kazakhstanbarysy.kz ©kazakhstanbarysy.kz

22 қарашада қазақ күресінен ірі деңгейдегі төртінші турнир өтеді. Бірнеше ай бұрын қазақ күресі маусымы "Қазақстан Барысы" секілді ірі жобамен басталып, одан кейін тұңғыш рет "Әлем Барысы" халықаралық турнирі, одан кейін "Жас Барыс" турнирі өткен еді. Енді төртінші халықаралық жоба "Еуразия Барысы" турнирі екінші рет ұйымдастырылады, дүбірлі дода Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласында өтетін "Еуразия Барысы" халықаралық турнирінде 12 елдің атынан 60 палуан сынға түседі. Жарыс командалық құрам бойынша өтеді - 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі және + 90 келі салмақ дәрежелеріндегі палуандар белдеседі. Былтырғымен салыстырғанда бұл жолы қатысатын елдер саны біршама көп. Олардың қатарында Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Польша, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елінің ең үздік палуандары бар.

"Еуразия Барысы" турнирінің жалпы жүлде қоры - 100 мың доллар шамасында. Жеңімпаздармен қатар жүлдеге іліккендерге және алғаш сегіздікке кірген командаларға ақшалай сыйақы беріледі. Жүлденің басы 50 мың доллар болса, соңы - 2 мың доллар.

Жекпе-жек барысында көрермендер арасында лотерея ойнатылып, бағалы сыйлықтар тігіледі. Қазақ күресінің құрлықтық бәсекесін бұрынғыдай "Қазақстан" мен KazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді, сонымен бірге, ресейлік "Боец" және түркиялық TRT Avaz телеарналары да трансляция жасайды.

"Еуразия Барысы" турниріне қатысатын елдер белгілі болғанымен, олардың құрамалары сапында кімдердің күресетіні әзірге айтылған жоқ. Белгілісі - Әзірбайжан елінің құрамасы ғана. Бұл құрамада Ариф Шахларов, Рамиль Гасымов, Сейран Рагимов сияқты ел және Еуропа чемпиондары бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети