Федор Емельяненконың даусымен "сөйлеген" Геннадий Головкин Қазнетте хит болды

02 Қазан 2015, 12:43
0
Федор Емельяненконың даусымен "сөйлеген" Геннадий Головкин Қазнетте хит болды -

Қазақстанда Геннадий Головкиннің бір телеарнаға берген сұхбаты қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық бірнеше танымал сайт Головкиннің өзінің ұлты жайлы сұхбат берген делінген видеоны жария етті.

Видеода Головкин "Мен Ресейден екенімді ғана дәлелдеп жүрмін. Мен орыспын" дегендей болады. Алайда, басылымның мәліметінше, видеода Головкиннің даусы өшіріліп, басқа біреудің даусы қойылған. Үстеме дауыс тағы бір атақты спортшы, ММА аңызына айналған Федор Емельяненконың даусы. 

Дауыстың неліктен үстеме қойылғаны белгісіз. Осылайша, Vesti.kz ұлттар арасында араздық туғызудың қылмыс екенін ескертеді. Ал Геннадий Головкиннің өзі болса АҚШ-та жұдырықтасып жүрсе де жеңістерін қазақстандықтарға арнайтынын талай мәрте айтқан болатын. 

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай