10 желтоқсан 2019 13:53

"Фергюсонды сындыру мүмкін емес". Нурмагомедовтің бапкері алдағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Said Tsarnayev © REUTERS/Said Tsarnayev

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің бапкері Хавьер Мендес AKA Fight News YouTube арнасына берген сұхбатында ресейлік файтер мен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жектен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл жігіттер төрт рет жұдырықтасуы мүмкін еді, сондықтан мұнда қорқыныш туралы сөз де жоқ. Екі жігіт те ештеңеден қорықпайды. Сондықтан ешқайсысы сынбайды. Мәселе, кім жеңетінінде.

Егер Хабибтің бапкері бола тұрып, Тониді сындыруға болады дегенге сенеді десеңіздер, жауабым - жоқ. Бұл жігітті сындыру мүмкін емес. Алайда ешкім оны сабауға болмайды деп айтып отырған жоқ", - дейді Мендес.

Еске салайық, Нурмагомедов ММА-дегі 28 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен болатын. Ал Фергюсон 28 кездесудің жиырма бесінде жеңген. Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі 18 сәуір Нью-Йоркте өтеді деп жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети