19 наурыз 2018 13:23

Фристайлдан жалпы есепте қазақстандық спортшы тұңғыш рет екінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР ҰОК. ©  Ізтұрған Алдауев Сурет ҚР ҰОК. © Ізтұрған Алдауев

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд ел тарихында алғаш рет Әлем кубогында могул бойынша есепте екінші болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд ел тарихында алғаш рет Әлем кубогында могул бойынша есепте екінші болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл маусымда Рейхард тұғырдан алты рет көрінді. Оның есебінде Әлем кубоктарының төрт күміс және төрт қола жүлдесі бар. 

Осылайша, Рейхерд 585 ұпай жинап, жалпы есепте екінші болды. Ал бірінші орында канадалық Микаэль Кингсберри - 940 ұпай. Үштікте Икума Хоришимо - 441 ұпай. 

Сонымен бірге, тағы бір қазақстандық - Павел Колмаков маусымды он бесінші болып аяқтады, 163 ұпай.

Әйелдер арасында франциялық Перрин Лаффон 607 ұпаймен бірінші. Америкалық Джелин Кауф екінші - 561 ұпай. Үшінші орында австралиялық Британи Кокс - 467 ұпай.

Өкінішке қарай, 2018 жыл Олимпиадасының күміс жүлдегері Юлия Галышева үштіктен көріне алмады, ол маусымды алтыншы болып аяқтады, 420 ұпай.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети