19 маусым 2019 10:56

Футзалдан "Қайрат" еуропалық клубтық рейтингте көш бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© afckairat.kz © afckairat.kz

Алматылық "Қайрат" еурокубоктар маусымының қорытындысы бойынша клубтық командалар арасындағы еуропалық рейтингте бірінші орынға шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңартылған рейтингте "Қайрат" ұзақ уақыт бірінші болған испаниялық "Интерден" асып түсті. Бұл алматылық клубтың футзалдан Чемпиондар лигасының финалына жеткенімен байланысты, ал испаниялықтар турнирдің финалдық кезеңіндегі екі матчте де ұтылды.

Үшінші орында Чемпиондар лигасының жаңа жеңімпазы - португалиялық "Спортинг", алматылық "Қайрат" бұл командадан финалда ұтылды.

ТОП-100 рейтингке тағы екі қазақстандық клуб кіргенін айта кетейік - қарағандылық "Тұлпар" мен "Ақтөбе", олар 54-ші және 80-ші орында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети