Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің он үздік командасының қатарына кірді

14 Ақпан 2016, 12:54
0

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің он үздік командасының қатарына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, Какаудың шәкірттері өз позициясын жақсарта түсті. Сербияда өткен Еуропа чемпионатына дейін Қазақстан 15-орында еді. Еуропа біріншілігінде үшінші орын алуының арқасында қазақстандықтар Словенияны, Сербияны, Парагвайды, Әзірбайжанды, Жапонияны және Колумбияны басып озды. Айта кетейік, Какаудың шәкірттері рейтингте отыздық ішінде сатылап жоғарылаған команда атанып отыр. 


futsalworldranking.be сайтының мәліметтері

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Еуро чемпионатында ең табысты дебютант атанды. Үшінші орынға таласта Какаудың шәкірттері Сербия құрамасын 5:2 есебімен тізе бүктірді. "Біздің жігіттер үздік, олардың қолынан келді, Еуродағы қола жүлде біз үшін Еуропа чемпионатындағы құбылысқа пара-пар бастау. Қазақстан біздің батырларымызбен мақтана алады!!! Қолдау білдіріп, құттықтау айтқан жанкүйерлерімізге мың алғыс!!!", - деп жазды Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абыраев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай