Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Геннадий Головкин "Жыл боксшысы" атағына үміткер

27 Қараша 2014, 10:18
0
Геннадий Головкин. ©Тұрар Қазанғапов
Геннадий Головкин. ©Тұрар Қазанғапов

WBA (Super), IBO мен WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин "2014 жыл боксшысы" атағына үміткер, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жылдың ең үздік боксшысын америкалық әйгілі спорт басылымы Bleacher Report дауыс беру бойынша анықтайды. Басылым Геннадий Головкиннен басқа филиппиндік Мэнни Пакьяоны, ресейлік Сергей Ковалевты, мексикалық Сауль "Канело" Альваресты, америкалық Теренс Кроуфордты және тағы да басқа үміткерлерді оқырман назарына ұсынып отыр. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.  

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша айдың үздік боксшысы деп танылған болатын. Қазақстандық боксшы 18 қазан күні АҚШ-та (WBA (Super) және IBO орта салмақта) мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBC уақытша чемпионы белдігіне ие болды және өз титулын сәтті сақтап қалды. Геннадий Головкиннің ендігі жекпе-жегі Монакода 2015 жылдың 21 ақпанына белгіленген. Қарсыласы - орта салмақта әлем чемпионы атағының бұрынғы үміткері, ағылшын Мартин Мюррей.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай